на главную

PETROPAVL GUMANITARLYQ-TEHNIKALYQ KOLLEJ

ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПЕТРОПАВЛОВСК

Талапкерге

Құрметті талапкер!

Қазір әрқайсыңыз өмірдегі басты таңдау алдында тұр: қандай мамандықты таңдау керек, қайда оқуға бару керек. Оқу қызықты әрі танымды болуы керек, ал болашақ жұмыс қуаныш пен лайықты жалақы әкелуі керек.

Біз Солтүстік Қазақстанның ең танымал оқу орындарының бірі-Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде, бұрынғы механикалық техникумында оқып, қажетті мамандық алуды, дипломды маман болуды ұсынамыз.

Оқыту толығымен тегін. Үздік және екпінділерге стипендия төленеді. Мұқтаждарға жатақхана беріледі. Соңында мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Как поступить

ГТК-ға қалай түсуге болады ?

Оқуға түсу үшін құжаттар пакеті:

1. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат, куәлік, диплом)
2. 075-у нысанындағы медициналық анықтама
3. 6 фотосурет 3 х 4
4. Жеке басын растайтын құжаттың (туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің) көшірмесі

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-жұма сағат 9-дан 18-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-тен 14-ке дейін.

Сенбі сағат 9-дан 13-ке дейін

Жексенбі-демалыс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Колледж мамандықтары бойынша 25 маусымнан 18 тамызға дейін.

Жұмысшы мамандықтары бойынша 25 маусымнан 25 тамызға дейін

Сырттай оқу нысанына 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін

Қабылдау сынақтары:

Оқуға қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес орта конкурстық бал бойынша өткізіледі

Как поступить