Submitted by Editor on
Қазақстан Республикасының күніне орай 1-курс студенттері арасында «Қане, жігіттер!» атты әскери-спорттық эстафета өтті. Эстафетаға 8 команда қатысты.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің азаматтық ұстанымы мен патриотизмін қалыптастыру, дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Эстафета бағдарламасына противогаз кию, автоматты жинау және бөлшектеу, кір тасын көтеру және еденнен қолды бүгіп-жазу жаттығулары кірді.
1-орынды 107-топ, 2-орынды 103-топ, 3-орынды 109-топ иеленді.
Сондай-ақ бағдарламада арқан тарту сайысы өтті. Бұл сайыста жақсы нәтижеге жету үшін команда біртұтас болуы керек. Нәтижесінде 1-орынды 103-топ, 2-орынды 108-топ, 3-орынды 107-топ иеленді.
Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Оқуда табыс тілейміз, әрдайым күшті, жылдам әрі алға ұмтылатын болыңыздар!







