«Білім беру саласының үздік маманы» Республикалық конкурсына қатысу қорытындысы бойынша колледж оқытушысы Попова Ольга Эдисоновна «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін алды.
Бүгін гуманитарлық-техникалық колледж көшбасшылары Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Кездесу Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада өтті, бұған қалалық колледждердің белсенді студенттері қатысқан.
2025 жылдың 10 қаңтарында демалыс кезінде колледж оқытушыларына арналған Денсаулық күні өтті. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау; міндеттері: ұжымды біріктіру, қозғалыс белсенділігін қалыптастыру, психологиялық климатты нығайту.
Оқу орны қызметінің әскери-патриоттық бағыты Отанға деген адалдық пен оны қорғауға дайындықтың моральдық қасиеттерін тәрбиелеуді, сондай-ақ студенттерді әскери-қолданбалы спорт түрлеріне белсенді қатысуға тартуды қамтиды. Жүргізіліп жатқан жұмыс колледж студенттерінде жауапкершілік, жоғары руханият, белсенді азаматтық ұстаным, патриоттық сана, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сияқты қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
26 желтоқсанда спорт бойынша СҚО ТжКБ арасында өткен оқу жылының қорытындысын шығару бойынша облыстық іс-шара өтті. ГТК спорттың 17 түріне белсенді қатысты, Спартакиада аясында Сұңқар жалпы командалық 3 орынға ие болды.