Submitted by Editor on
Петропавл қаласында экскурсиялық туризм нарығында сапалы туристік өнімді құру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша туристік қауымдастық «Петропавл туристің көзімен» облыстық конкурсын өткізді.
![Колледж студенттері «Петропавл туристің көзімен» облыстық байқауының жеңімпаздары атанды](http://gtk.etok.kz/images/2024/06/04/01.jpg)
Облыстық байқауға қала мектептерінің оқушылары, Kozybayev University студенттері және гуманитарлық-техникалық колледж студенттері белсенді қатысты.
Командалар өз жобаларын екі номинация бойынша ұсынды: «Петропавл бойынша демалыс Туры» және «Петропавл бойынша Виртуалды тур». «Петропавлдан виртуалды тур» номинациясы бойынша гуманитарлық-техникалық колледж студенттерінің «Қос соққы» командасы, «Туризм» мамандығы жеңімпаз атанды. Құзыретті қазылар алқасы «Қос соққы» командасының практикалық экскурсиялық жобасының мазмұнын «өте жақсы» деп бағалап, Петропавл қаласының мәдени-тарихи мұрасын зерделеуге және сақтауға қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Байқау жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша туристік қауымдастық, Солтүстік Қазақстан облысы Рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұсынған дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Біздің колледж студенттерінің командасын және оның жетекшісі Олесиюк Мария Михайловнаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз!